top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.4.1.1 пайдаланушы интерфейстердің эргономикалылығын бағалау.

istockphoto-1290248769-612x612.jpg

№1

Соңғы кездері оқушылар мен жастардың көп бөлігі ұзақ уақыт компьютерлер мен мобильді құрылғыларды қолдануға мәжбүр. Бұл жағдай денсаулыққа әсер ететін эргономикалық мәселелерді туғызуы мүмкін. Мысалы, көздің шаршауы, омыртқа аурулары немесе қол мен саусақтардың шаршауы.
Оқушыларға осы мәселелердің алдын алу және оларды болдырмау жолдарын түсіндіріп, интерфейстерді денсаулыққа қауіпсіз ету үшін ұсыныстар жасаңыз және оны инфографика түрінде ұсыныңыз.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

БАҒАЛАУ

66499564.png

№2

Қазіргі кезде көптеген компьютерлік бағдарламаларда қолданушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін әртүрлі интерфейстер қолданылады. Мысалы, оқушыларға компьютерде файлдарды іздеу және ашу тапсырмасы беріледі. Бір жағынан, жолды интерфейс (CLI) арқылы файлды іздеп, ашуға болады, екінші жағынан графикалық интерфейс (GUI) арқылы сол файлды табу мен ашу да мүмкін. Бұл тапсырма арқылы оқушылар әртүрлі интерфейстердің қолайлылығын талдап, қайсысының тиімді екенін өмірдегі нақты жағдаймен байланыстыра отырып салыстырады.
•    Жолды интерфейс пен графикалық интерфейс арқылы бірдей тапсырманы орындағаннан кейін, екі интерфейстің қолданушыға қандай әсер беретінін талда
•    Қай интерфейстің ыңғайлырақ екенін, қайсысы жылдамырақ екенін анықтап, себептерін көрсет
Өмірде нақты қандай жағдайларда CLI немесе GUI пайдалану тиімді екенін анықтаңыз (мысалы, графикалық дизайнерлер үшін GUI тиімдірек болуы мүмкін, ал жүйелік администраторлар үшін CLI тиімді болады).

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page