top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.4.2.1 Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау

1.jpeg

№1

Киберқауіпсіздік – мемлекеттің цифрлық қауіпсіздігінің негізі. Жеке деректер мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау әрбір азаматтың ұлттық мүддені қорғауға қосқан үлесі болып табылады. Интернетте жауапкершілікпен әрекет ету арқылы біз тек жеке деректерімізді ғана емес, бүкіл қоғамымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Тапсырма:
Нұрханға электрондық поштамен "сыйлық ұтып алғаны" туралы белгісіз адамнан  хат келді. Хатта сілтемені басып, жеке ақпаратты енгізу сұралған. Беймәлім хаттағы сілтемеге өтіп, жеке ақпаратты беру Нұрханға қандай қауіп туғызуы мүмкін? Нұрғанға арналған электронды поштамен жұмыс жасаудың ережесін құрастыр.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

БАҒАЛАУ

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

1200xauto_UbJgM7W0ZRRkBeGVX5BY3TYjFzfLxZkR6lRJToOr.jpg

№2

Мектеп компьютерлеріне белгісіз бағдарламалар орнатылғаннан кейін желідегі бірнеше компьютердің жұмысы баяулап, құжаттардың бір бөлігі ашылмай қалды. Сонымен қатар, бір оқушының аккаунтынан беймәлім хаттар таралғаны байқалды. Бұл жағдай мектеп желісіне қауіп төндіріп, маңызды файлдардың жоғалуына немесе құпия ақпараттардың сыртқа таралуына әкелуі мүмкін.
Оқушылар бұл мәселені шешудің кешенді жолдарын ұсынуы керек.

 Тапсырманы орындау стилі: 
Көкпар – бұл ойында қатысушылар командаларға бөлініп, маңызды ақпаратты қорғау үшін бір-бірімен жарысқа түседі. Оқушылар әр компьютердің қауіпсіздігін қорғау үшін түрлі әдістерді қолданады, ал әр шешім маңызды ақпараттың "көкпары" болып саналады. Мысалы, бір команда вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатуды ұсынса, екінші команда парольдермен қорғануды және басқа да алдын алу шараларын ұсынады.

 

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page