top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.2.2.1  мәтіндік процессордағы кестелерді пішімдеу.

20240419233347048_big.jpg

№1

Microsoft Word мәтіндік редакторын қолданып, қазақтың Бес арысының  ақпараттарын пайдаланып, "Аты-жөні", "Туған күні", "Туған жері" өрістерін толтыру қажет.

  1. Мағжан Жұмабаев 1893 жылғы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. 

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келген.

  3. Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысына қарасты №1 ауылда дүниеге келді.

  4. Жүсіпбек Аймауытов аумалы-төкпелі заманда 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Аймауыт өзіндік шағын күн көрісі бар қарапайым, момын шаруа  болған.

  5. ​Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

БІЛУ

ТҮСІНУ

1680952936066.jfif

№2

Біркүндік күнтәртібі уақытты тиімді пайдалану, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл күнтізбе оқушының оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауына мүмкіндік береді.  
Өз уақыттарын тиімді басқару мақсатында оқушыларға бір күндік режимдерін мәтіндік редакторда кесте түрінде құру. 
Дайын кестені сақтап, электронды поштамен мұғалімге жібер.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page