top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. 

№1

Кешкі уақыттың 22:00-ден кейін болуы балалардың көшеге шығуына рұқсат етілмейді. Егер уақыт 22:00-ден кейін болса, балалар көшеге шықпауы керек. Ал егер уақыт 22:00-ден ерте болса, онда көшеге шығуға рұқсат етіледі.
Бұл тапсырма тармақталған алгоритмде Python тілінде жаз:
1.    Енгізу: hour = int(input(...)) — пайдаланушыдан 24 сағаттық форматтағы уақыт енгіз;
2.    Егер сағат 22-ден жоғары немесе тең болса, онда «көшеге шығуға болмайды» деген хабарлама шығар;
3.    Егер сағат 22-ден төмен болса, онда «көшеге шығуға болады» деген хабарлама шығар.

БІЛУ

ҚОЛДАНУ

ТҮСІНУ

ТАЛДАУ

scale_1200.jpg

№2

Оқушының тоқсандық қорытынды пайызын енгізу арқылы, тиісті бағасын шығару және әр бағадан кейін тиісті талап құндылығы бойынша түсінік бер. 
Енгізу:
Оқушының тоқсандық қорытынды пайызын енгізу.
Тармақталған алгоритм:
•    Егер пайыз 90%-дан жоғары болса, онда "А" бағасы және «Жоғары білім деңгейі, жоғары талап» шығарылады.
•    Егер пайыз 75%-дан жоғары, бірақ 90%-дан төмен болса, онда "Б" бағасы және «Жақсы білім деңгейі, жақсы нәтижелер» шығарылады.
•    Егер пайыз 60%-дан жоғары, бірақ 75%-дан төмен болса, онда "В" бағасы және «Орташа білім деңгейі» шығарылады.
•    Егер пайыз 50%-дан жоғары, бірақ 60%-дан төмен болса, онда "С" бағасы «Аздаған кемшіліктері бар» шығарылады.
•    Егер пайыз 50%-дан төмен болса, онда "Д" бағасы «Өте төмен нәтиже» шығарылады.

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

bottom of page