top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.

almaty-astana.jpg

№1

Көлік Алматыдан Астанаға баруы үшін 1225 км жүруі керек. 15 км-ге 1 литр жанармай жұмсалады. Пайдаланушы көліктегі отын мөлшерін (литр) енгізеді.

Шарт:
    Егер жанармай жеткілікті болса, "Сізге отын жеткілікті, жолға шығуға болады!" хабарламасы шығады.
    Егер жеткіліксіз болса, "Сізге отын жеткіліксіз, жанармай құю қажет!" хабарламасы шығады. 
    Отын шығынын азайту үшін жылдамдықты оңтайландыру бойынша ұсыныс жасау.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

1609928327_ay.jpg

№2

Мектепте әр ай сайын белгілі бір құндылықтар бекітіледі. Бұл құндылықтар оқушылардың тәрбиесі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Әр айда бекітілген құндылық оқу-тәрбие процесінде ерекше назарға алынады және түрлі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Ай  нөмірін (1-12) енгізгенде, сол айға сәйкес бекітілген құндылықты анықтайтын бағдарлама құр. Егер енгізілген ай нөмірі дұрыс болмаса, "Қате енгізу! Ай нөмірі 1-ден 12-ге дейін болуы керек!" деген хабарлама шығуы тиіс.

image.png

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАУ

ТАЛДАУ

bottom of page