top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.3.3 Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану.

cards.png

№1

Автобус картасы арқылы көлікке отырып, белгілі бір сома төлеу арқылы жол жүру мүмкіндігі бар. Бірақ әр қалада автобустардың тарифтері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Алматы қаласында тариф 200 теңге болса, ал Астана қаласында тариф 250 теңге. Пайдаланушы өзіне тиісті қалаға билет сатып алып отыр, және ол төлеуге дайын болған соманы енгізеді. Бізге осы сомамен көлікке отыру мүмкіндігін анықтау қажет.

Пайдаланушыдан қала атын енгізуді сұра (Алматы немесе Астана)
Пайдаланушыдан төленген соманы енгізуді сұра.
Қаланың тарифін салыстырып, пайдаланушының сомасы жеткілікті ме екенін тексер:
1. Егер қала Алматы болса және төленген сома 200 теңгеден көп немесе тең болса, онда автобусқа отырғызамыз.
2. Егер қала Астана болса және төленген сома 250 теңгеден көп немесе тең болса, онда автобусқа отырғызамыз.
3. Егер төленген сома жеткіліксіз болса, онда "Көлікке отыру үшін жеткілікті сома емес" деп хабарлаймыз.

 

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

разделение-денег.jpg

№2

Бала ай сайынғы қалта ақшасын алады және ол ақшаға қандай заттарды сатып алу керектігін шешуі керек. Баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оның қалауы мен мүмкіндіктерін дұрыс үйлестіру қажет.

  • Бала ай сайынғы қалта ақшасын енгізеді

  • Бала мақсаттар бойынша шығындар енгізеді (мысалы, ойыншық, киім, кітаптар және т.б.).

1.    Егер бала қалаған нәрселерін сатып алуға жеткілікті ақша бар болса, онда "Сатып алуға болады" деген хабарлама шығарылады.
2.    Егер ақша жетпей жатса, онда "Ақша жетпейді, шығындарыңызды қайта қараңыз" деп хабарланады.
Егер бала қалаған заттарды сатып алып, қалған ақша қалса, онда "Қалған ақшаңызды жинап, келесі айға сақтаңыз" деген кеңес беріледі.

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page