top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.3.3 Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану.

№1

Күнделікті өмірде адамдар таңғы, түскі және кешкі асты ішуді жоспарлайды. Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы болғандықтан, әр тамақтың өз ерекшелігі бар. Осы тапсырма адамның дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Тамақтану уақытын енгіз. Таңғы ас, түскі ас немесе кешкі асты таңдау керек. Таңдалған уақытқа сәйкес ұсынылатын тағам түрлері көрсетіп, құр.

  • Тамақтану уақытын сұрау (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас).

  • Егер таңғы ас таңдалса, «Сізге жұмыртқа немесе ботқа жеуге болады» деген ұсыныс беріледі.

  • Егер түскі ас таңдалса, «Сізге сорпа, ет немесе салат жеуге болады» деген ұсыныс беріледі.

  • Егер кешкі ас таңдалса, «Сізге көкөніс, балық немесе жеміс жеуге болады» деген ұсыныс беріледі.

  • Егер пайдаланушы дұрыс емес мән енгізсе, «Қате таңдау! Қайтадан енгізіңіз.» деген хабарлама көрсетіледі.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

shagai.jpg

№2

Асықтың түсу жағдайына байланысты түрін анықтау

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі.  Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Ендеше көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бүгінгі таңдағы өрісі қандай, асық ойындарының түрлері жайында аз-кем сөз етіп көрсек.Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген Асықтың түрлері мен атаулары: Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық. Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық. Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Тапсырма:
Қолданушыдан асықтың түскен жағдайын (яғни, табаны қандай жағына қарап түскенін) енгізу сұралады. Python тіліндегі тармақталу операторларын (if-else) қолданып әрбір асықтың түріне сәйкес оның деңгейі де анықтау. Мысалы, "Алшы" - бірінші дәрежелі, "Тәйке" - екінші дәрежелі және т.б. Бағдарлама дұрыс нәтиже көрсетуі тиіс.
Алгоритм:
1.    Қолданушыдан асықтың түрін сұрау.
2.    Әрбір жауапқа сәйкес қай дәрежелі асық екендігін көрсету.
3.    Қате жауап енгізілген жағдайда, қолданушыға қате туралы хабар беру

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

bottom of page