top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

scale_1200.jpg

№1

Су – өмірдің негізі. Алайда, суды үнемсіз пайдалану оның тапшылығына әкелуі мүмкін. Бұл тапсырма адамның су тұтыну әдеттеріне байланысты суды үнемдеп немесе ысырап етіп жатқанын анықтауға көмектеседі.
1 адамға тәуліктік су тұтыну нормасы – 150 литр деп алайық.
 Пайдаланушыдан суды қанша литр жұмсағанын (тұтыну) сұрау.
 Егер тұтыну ≤ норма, онда "Суды үнемдеп жұмсадыңыз!" деп шығару. Әйтпесе, "Суды үнемдеу қажет!" деп ескерту.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

№2

Қазақ даласында әртүрлі кезеңдерде бірнеше қала елдің астанасы болды. 1867 жылдан бастап Қазақ хандығының және кейінгі қазақ мемлекетінің астаналары ретімен өзгерді:
Пернетақтадан белгілі бір уақыт аралығын (жыл) енгіз, сол кезеңдегі қазақ даласының астанасын анықтайтын алгоритм құр.

Пайдаланушыдан жылды енгізуін сұраңыз.
Егер 1867-1917 жылдар аралығы болса, "Семей – Алаш Орда үкіметінің орталығы." деп шығару.
Егер 1920-1925 жылдар болса, "Орынбор – Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы." деп шығару.
Егер 1925-1929 жылдар болса, "Қызылорда – Қазақ АКСР-нің екінші астанасы." деп шығару.
Егер 1929-1997 жылдар болса, "Алматы – Қазақ КСР және Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы." деп шығару.
Егер 1997 жылдан бастап болса, "Астана (Нұр-Сұлтан) – Қазақстан Республикасының қазіргі астанасы." деп шығару.
Егер енгізілген уақыт көрсетілген диапазонға сәйкес келмесе, "Бұл уақыт аралығында нақты астана белгіленбеген." деп шығару.

 

image.png

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

bottom of page