top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

adobestock_374849718-1-870x317.jpeg

№1

Мектепте сабаққа қатысу тәртібі өте маңызды. Әр айдың соңында әр оқушының қанша сабаққа қатыспағаны есептеледі. Егер оқушы 5 немесе одан көп сабаққа қатыспаса, ол мұғаліммен және ата-анасымен қосымша әңгімелесуге шақырылады.
Берілгені:
•    N – оқушының жіберіп алған сабақ саны.
Тапсырма:
1.    Егер N ≤ 4 болса, "Сабаққа қатысуыңыз жақсы" деп шығару.
2.    Егер N ≥ 5 болса, "Сабаққа қатысуыңызды жақсарту керек. Мұғаліммен қосымша кеңес алыңыз" деп ескерту.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

image.jpg

№2

Асханадан 3 түрлі тамақ түрін сатып алуға болады:
•    Таңғы ас (бағасы 300 теңге)
•    Түскі ас (бағасы 500 теңге)
•    Кешкі ас (бағасы 400 теңге)
Оқушыда белгілі бір ақша мөлшері (M) бар.
Тапсырма:
1.    Оқушы қандай тағамдарды сатып ала алатынын анықтау.
2.   Егер ақшасы жетпесе, "Қаражатыңызды дұрыс жоспарлаңыз" деген кеңес беру.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page