top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

SEO4828-thumb-1.png

№1

Оқушы 0-ден 100-ге дейінгі аралықта баға алады. Бағасына сәйкес оның үлгерімін анықтайтын блок-схема құру қажет.
Шешім логикасы:
1.    Оқушының алған бағасын енгізу (X).
2.    Егер X ≥ 90, онда "Өте жақсы" деп шығару.
3.    Егер X 70-89 аралығында болса, "Жақсы" деп шығару.
4.    Егер X 50-69 аралығында болса, "Қанағаттанарлық" деп шығару.
5.    Егер X < 50, онда "Қанағаттанарлықсыз" деп шығару.
6.    Қате енгізілген мәндер үшін "Баға 0-100 аралығында болуы керек!" деген хабарлама беру.
Тапсырма: Осы алгоритмнің блок-схемасын сызып, бағдарлама түрінде жүзеге асыру.

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

soz.jpg

№2

Тақырып: Жауапкершілік пен уәдеге берік болу
Шарт:

  • Оқушы бір апта ішінде 5 уәде береді

  • Әр уәде орындалғанын немесе орындалмағанын (1 - орындалды, 0 - орындалмады) енгізу қажет.

  • Барлық уәделер орындалса, "Сіз жауапкершілікті жақсы орындадыңыз! Жарайсыз!" деген хабарлама шығарылады.

  • Егер кемінде бір уәде орындалмаса, "Ар-ұятты сақтап, уәделеріңізді орындауға тырысыңыз!" деген ескерту беріледі.

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

bottom of page