top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

№1

Тақырып: Жол қашықтығын өлшеу
Қазақ халқы километр орнына шақырым, құлаш, қадам, адым, найза бойы, ат шаптырым сияқты өлшем бірліктерін пайдаланған.
Бұл тапсырмада пайдаланушы белгілі бір қашықтықты енгізіп, оған сәйкес қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктерінде нәтижені көреді.
Тапсырма шарты:
• Пайдаланушы қашықтықты шақырыммен енгізеді.
•Бағдарлама бұл қашықтықты қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктеріне айналдырады.
•  Егер қашықтық:
o 1 шақырымға тең немесе аз болса, оны құлаш өлшеміне айналдырып шығару (1 шақырым ≈ 500 құлаш).
o 1-5 шақырым аралығында болса, оны найза бойы өлшемімен көрсету (1 найза бойы ≈ 3 м).
o 5-50 шақырым аралығында болса, оны ат шаптырым өлшемімен шығару (1 ат шаптырым ≈ 25 шақырым).
o 50 шақырымнан ұзақ болса, оны күндік жер өлшемімен шығару (1 күндік жер ≈ 70 шақырым).

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

deshevye-aviabilety.jpg

№2

Пайдаланушының қаржылық жағдайына байланысты демалыс орнын таңдау.
Тапсырма шарты:
1.    Пайдаланушыдан демалысқа кету үшін қанша ақша бөлінгенін сұрау.
2.    Егер ақша жеткілікті болса:
o    Ел ішінде немесе шетелге саяхаттауға болады.
3.    Егер ақша жетпесе:
o    Демалыс орнын кейінге қалдыру ұсынылады.
Алгоритм:
1.    Пайдаланушыдан демалысқа кету үшін қанша ақша бөлінгенін сұрау.
2.    Егер ақша қажетті сомадан көп немесе тең болса:
o    Демалыс орнына саяхаттауға болады.
3.    Егер ақша қажетті сомадан аз болса:
o    Демалысты кейінге қалдыру ұсынылады.

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

БАҒАЛАУ

ЖИНАҚТАУ

bottom of page