top of page

ТАҚЫРЫП ТАПСЫРМАЛАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

  • 7.2.1.1  ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аударуды жүзеге асыру.

Kazakh_Horde_(Khanate)_map_edited_edited.png

№1

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи деректер базасының жалпы көлемі 1,5 Гбайт  деп есептейік. Осы деректер базасының көлемін мегабайтпен (МБ) және килобайтпен (КБ) өрнектеңіз. 

Егер бұл мәліметтер жалпы сыйымдылығы 4 Гбайт  болатын флешкаға сақталса, флешкада қанша бос орын қалатынын есептеңіз. 

Есептеулерде келесі қатынастарды пайдаланыңыз:

  • 1 Гбайт = 1024 Мбайт 

  • 1 Мбайт = 1024 Кбайт 

Нәтижені нақты есептеулермен бірге көрсетіңіз

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

№2

Ақтөбе облысы – Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Облыс құрамында 12 аудан бар: Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз. Әр ауданның өзіндік ерекшеліктері, табиғи ресурстары мен экономикалық маңызы бар.​

Тапсырмалар:
•  Ақтөбе облысының аудандары туралы қысқаша мәтін құрыңыз.
•  Мәтіннің жалпы көлемін есептеңіз (бір символ = 1 байт деп алынады).
•  Егер мәтін 1,5 Кбайттан (1536 байт) аз болса, оны толық 1 бетке жеткізіңіз.

 

БІЛУ

ТҮСІНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ

ЖИНАҚТАУ

bottom of page